Таразда футболдан әуесқойлар лигасының қысқы 15-ші облыстық чемпионаты мәреге жетті. Финалдық турда жеңімпаздар анықталып, арнайы марапаттарға ие болды. Сондай – ақ, бұл күні Жамбыл облысының кубгы жолындағы ақтық ойындар да өтті.

Биылғы әуесқойлар лигасы ерекше тартысты өтті. Олай дейтін себебіміз турнир соңына дейін жеңмпаздар анықталмады. Тек жоғары лигада ғана «Дулати Ұстаз» чемпион болды. Дәл осы білім ордасының 40 + тегі командасы да жеңімпаз атанды.