«Еңбек етемін» деген жанға ешқандай шектеу жоқ. Кәсіптің көзін тапқан адам қай жерде болса да шаруаның шырайын кіргізері сөзсіз. Жәрдембаевтар отбасын осындай ерінбейтін еңбекқорлардың қатарына қосуға әбден болады. Меркі ауданында мал шаруашылығын дамытып, оған қоса ауылдастарын ағарғанмен қамтып отырған олар отбасылық табысын да еселеп отыр. Дәмі тіл үйіретін сүт өнімдеріне сұраныс та жоғары.