«Білім» кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжінде студенттермен құқықтық мәдениетті қалыптастыру және жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға бағытталған профилактикалық кездесу өтті.

Полиция қызметкерлері студенттерге заңнама нормаларын түсіндіріп, құқыққа қарсы әрекеттер үшін жауапкершілік бар екенін еске салды. Кездесуде заңға және адамдарға құрметпен қарау, адалдық қағидаттарына ерекше мән берілді. Сондай-ақ, спикерлер тұлға қалыптасу кезеңінде отбасы тәрбиесінің және жасөспірімдерге қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Басқосу ашық диалог форматында жалғасып, студенттер өз сұрақтарын қойып, мамандардан жан-жақты жауап алды.