Балаларға қуаныш сыйлап, тіпті ересектерді де балаша қуантатын цирк енді Таразда да бар. Ол Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы жанынан ашылды. Бұған дейін аймаққа көп жылдар бойы өзге облыстар мен шетелден келген ұжымдар өнер көрсетіп келген еді. Енді жамбылдық көрерменді жергілікті «сайқымазақтар» қуантпақ.

Жамбылдықтарға жол тартқан Тараз циркінің алғашқы қойылымына жиналған көрерменнің қарасы қалың болды. Себебі бұл – аймақта құрылған тұңғыш цирк. Бұған дейін өңірге күлдіргілер өзге аймақтардан гастрольдік сапармен ғана келіп жүрген еді. Ал бүгінгі күн тек балалар үшін ғана емес, ересектер үшін де қуанышты жаңалыққа айналды.