Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтің 95 жылдық мерей тойына орай Мойынқұм ауданында тағылымды байқау өтті. Аудандық жалпы білім беру ұйымдарының 7 және 11- ші сынып оқушылары арасында өткен «Мұқағали Мақатаев оқулары» шығармашылық сайысы жас өрендердің поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыруды мақсат етті.