Құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңға жауапкершілікпен қарау мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Осы мақсатта бүгін Астана көпсалалы колледжінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында профилактикалық кездесу өтті. Басқосу барысында құқықтық жауапкершілік, заң бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тұрақтылықты нығайтудағы жастардың рөлі кеңінен талқыланды.
Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Студенттер алдында құқық қорғау органдарының өкілдері, педагогтар және құқық бұзушылықтың алдын алу саласының мамандары сөз сөйледі. Олар қолданыстағы заңнама талаптары, заңға қайшы әрекеттер үшін қарастырылған жауапкершілік, сондай-ақ күнделікті өмірде құқықтық тәртіпті сақтаудың маңызы туралы баяндады.