Биыл медицина қызметкерлерінің еңбек ақысы өседі. Сондай-ақ дәрігерлердің құқығын қорғау жұмыстары жетілдірілмек. Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің мәлімдеуінше, соңғы жылдары салаға бөлінетін мемлекеттік қаржы үш есеге жуық өсіп, 2025 жылы 3 трлн теңгеге жеткен. Нәтижесінде ірі медициналық орталықтар іске қосылып, ауылдық жерлерде 650-ден астам жаңа нысан пайдалануға берілді. Тарифтік саясат қайта қаралып, ана мен бала денсаулығын сақтау, онкологиялық және шұғыл медициналық көмек сапасы артты. Сонымен қатар цифрландыру мен жасанды интеллект негізіндегі шешімдер енгізілуде.