2025 – азаматтық қорғаныс жүйесі үшін нағыз жемісті жыл болды. Еліміздің көптеген өңірлерінде қоғамдық қауіпсіздік пен құтқару қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған ірі жобалар жүзеге асырылды. Жылан жылы - Жамбыл облысында жаңа өрт сөндіру және авариялық-құтқару пункттерінің ашылуы, инфрақұрылымның жаңартылуы, арнайы техниканың жаңаруымен есте қалды. Бұл қадамдардың барлығы қазірдің өзінде нақты нәтижелер беріп, азаматтардың өмірін тұрақты әрі қауіпсіз етіп отыр.