Қаратау қаласында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық – қоғам дерті» атты семинар-тренинг өтті. Іс-шара «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық акция аясында ұйымдастырылды. Бағдарлама отбасындағы, қоғамдағы қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға және тұрғындардың психологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған.