Мемлекеттік қолдау – кәсіпкерлік көкжиегін кеңейтті. Жыл санап, облыста өз кәсібін бастап, адал еңбегінің арқасында табыс тауып жатқан жандардың қатары көбеюде. Оған әрине үкіметтік бағдарламалар да үлкен сеп болуда.
Мәселен Шу ауданында «Бастау бизнес» арқылы тиісті қаражатқа қол жеткізген 89 адам бүгінде ел игілігі үшін еңбек етуде.