Қазақстан мен Ресей екі ел үшін маңызды 10-нан аса құжатқа қол қойды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге сапары аясында қос тарап мемлекетаралық қарым-қатынасты жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне дейін жеткізу жөніндегі декларацияны да қабылдады. Президенттер бұл келісімді тарихи деп бағалады.