15 қараша – Ұлттық валюта күніне орай, Таразда салтанатты жиын өтті. Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров сала мамандарын төл мерекемен құттықтады. Қаржы саласында қажырлы еңбек етіп жүрген қызметкерлер құрметке бөленді. Төл теңге – тәуелсіздігіміздің нышаны.