Байзақ ауданында “Қыс–2025” республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Іс-шараның көздегені - қыс мезгілінде орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу және жедел әрекет ету қызметтерінің үйлесімділігін арттыру.
Айта кетейік, «Қыс–2025» оқу-жаттығулары азаматтық қорғау саласындағы басқару органдарының жұмысын тиімді үлестіруге сеп болады. Сондай ақ, сала мамандарының іс-қимылдарының тиімділігін бағалауға, және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.