Түнгі уақытта Тараз қаласында полицейлер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу дерегін анықтады. Патрульдік полиция экипажы жол қозғалысына қауіп төндірген «BMW» автокөлігін байқап қалған. Жүргізуші, полицияның заңды тоқтату талабына бағынбай, қашуға әрекеттенеді.