Мемлекеттік қаржыны ашық әрі тиімді басқарудің негізгі жолы - цифрландыру. Әсіресе, бұл сала Big Data бағдарламасы мен жасанды интеллект құралдары арқылы одан әрі жетілдірілмек. Бұл тақырып бүгін орталық коммуникациялар қызметінде баяндалды. Мысалға, мемлекеттік органның цифрлы бейіні әзірленді. Қазірдің өзінде әр орталық мемлекеттік орган бойынша бюджетке түсетін түсімдер, шығыстар, игерілмеген бюджет қаражаты сияқты ақпараттарды бақылауға мүмкіндік бар. Бұдан бөлек, елімізде мемлекеттік сатып алудың бес түрі бар екені белгілі. Қазір соның ішінде үшеуі толықтай автоматтандырылған. Алдағы уақытта осы бағытта барынша адам факторы алынып тасталмақ.