Күні кеше инфляция тұрақталғанға дейін АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының бағасын көтеруге тыйым салынды. Энергетика министрлігі, бәсекелестікті қорғау агенттігі және өңір әкімдіктері жанармай бағасының шарықтамауын қадағалайды. Сонымен, қатар, автокөлік сатып алуға жеңілдіктер қарастырылады. Отандық өндірушілер мен банктер жеңіл автокөлік алуға арналған бағдарламаларды жалғастырады. Бүгін Үкімет Президенттің тапсырмасына сәйкес реформалардың халыққа тигізетін теріс әсерін азайту үшін бірқатар маңызды шешімдер қабылдады.