Ұлттық ауыл шаруашылық санағы соңғы рет 2006-2007 жылдары өткен болатын. Биыл 18 жылдан кейін қайта қолға алынды. 1 тамызда бастау алған жоба дәл қазір сауалнама форматымен жалғасуда. Ал санақтың офлайн үрдісін бақылау үшін Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді.