Енді «Тараз» футбол клубы сенімгерлік басқаруға беріледі. Яғни, Президент Жолдауда айтқандай, кәсіби спортты қомақты табыс әкелетін бизнес-индустрия ретінде қарастырып, футбол клубы жекешелендіріледі. Бұл футболдың сапасын арттырып, жоғарғы нәтижелерге жетуге мүмкіндік бермек.
Бұл туралы «Аманат» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысында айтылды. Сондай-ақ, жиында өңірдегі спорт саласының жұмысы сараланды.