«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалында «Жер аманаты» комиссиясының кезекті отырысы өтті. Жиында Мемлекет басшысының Жолдауында жүктелген жер қатынастарына қатысты тапсырмалардың орындалуы, мемлекет меншігіне қайтарылған жерлердің жай-күйі қаралды.