Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында ауылшаруашылығы өнімдерін терең өңдейтін зауыт пен кәсіпорындар салу қажет екендігін атап айтқан еді. Бұл тұрғыдан алғанда облыс көлемінде жүзеге асырылып жатқан тың жобалар жетерлік.
Мәселен Байзақ ауданында қант шығаратын қызылша зауытының қазығы қағылып соғыла басталса, қызанақ өңдейтін кәсіпорын да жаңа жылға дейін бой көтермекші.