«Қарттарын қадірлеген ел – ардақты». 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Тараз қаласында осындай тақырыпта іс-шара ұйымдастырылды. Бұл мерекелік жиын – ұлттың өткені мен бүгіні арасындағы алтын көпір бола білген аға буын өкілдеріне деген шынайы құрметтің белгісі.