Бүгінде түйеқұс асырау- қой бағудан да тиімді. Мойынқұмдық кәсіпкер Жетпісбай Құлбаев осылай дейді. Ол құстарды арнайы Өзбекстан мен Сарыағаштан әкеліпті. Тек түйеқұспен шектелмей, павлин асырап, ауылдастарына таңсық құстарды таныстырып жүр. Бұдан бөлек, ескі резеңке бұйымдарын қайта өңдеумен де айналысады.