Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында «Құқықтық тәртіптің» мемлекеттігіміздің мызғымас негізі екенін атап өтті. Бұл қағиданы қоғамда қалыптастыру үшін барлық құзырлы органдар ортақ көзқарас пен ұстанымда болуы тиіс. Бұл бағытта Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті белсенді жұмыс жүргізіп келеді.