Ауыл шаруашылығы саласындағы түгендеу жұмыстары тиянақты жүргізілуі тиіс. Еліміз бойынша өтіп жатқан маңызды статистикалық іс-шараға аудан, ауыл әкімдері жауапкершілікпен қарауы керек. Жалған ақпар, өтірік есепке жол жоқ. Дерек пен дәйектің шынайы болуы маңызды. Осылай деген облыс басшысы бүгін осы мәселе бойынша кеңес өткізіп, бұл бағыттағы жұмыстардың барысын тыңдады.