Жамбыл облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті көктемгі әскерге шақыру науқанында жоспарды артығымен орындады. Алайда, төмен көрсеткіш көрсеткен аудандар да кездеседі. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеровтың төрағалығымен өткен жиында айтылды. Сондай-ақ күзгі әскерге шақыру науқанына қойылатын міндеттер белгіленді.