Байзақ ауданы, Үлгілі ауылында өнерлі әже тұрады. Ол киіз басудың шебері ретінде танылған жан. Бала кезінен-ақ қолөнерге қызығып, үлкендерден киіз басудың қыр-сырын үйренген. Сондай-ақ тігіншілік пен аспаздықты меңгеріп, ауыл шаруашылық саласында да тер төккен.