Иорданиялық Aljazeera Agricultural компаниясы Қазақстанда құс фабрикасын салады. Бұл туралы бүгін екі ел басшыларының қатысумен өткен Қазақстан-Иордания бизнес-форумында айтылды. Сондай-ақ отандық QazBioPharm иордандық DADvet компаниясымен бірлесе отырып, фармацевтикалық жобаларды жүзеге асырмақ.