Көл маңындағы «Таза бейсенбі» акциясы 14.08.2025 23:43 Бүгін Жамбыл ауданының белсенді жастары экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Сеңгірбай» көліне тазалық жұмыстары жүргізді. «Таза бейсенбі» акциясы аясында өткен шараға 40-тан астам ерікті қатысты.