Мәдени мұрамызды сақтау ісі баршаға ортақ. Тарихи жәдігерлерді ұрпақтан ұрпаққа қаз-қалпында жеткізуде қаламгер қауымның да зор үлесі бар. Бұл ретте журналистер қауымының жаңғыртуды қажет ететін немесе жойылып кету қаупі бар нысандар жайлы берілген ақпараттары дер кезінде іс-қимыл жасауға сеп болмақ. Ал билік өкілдері осындай берілген мәліметтер негізінде жедел әрекет етуі шарт.