Таразда Қазақстан Әуе қорғанысы күштерінің ҰҰА мамандарын даярлау орталығының офицерлері FPV-дрондармен жұмыс істеу бойынша оқыту курсынан өтуде. Оларға бұл сабақты Қазақстандық "Казинжиниринг" қорғаныс- өнеркәсіптік холдингінің еншілес кәсіпорнының өкілдері мен білікті мамандары өткізуде.