Жыл басынан бері өңірде экологиялық акциялар мен 30-дан астам сенбіліктер ұйымдастырылған. Олардың барлығы да «Таза Қазақстан» акциясы аясында өтті. Бұл – табиғатқа жанашырлық танытып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға бағытталған тәрбиелік мәні бар бастама.