Жуалы ауданы – қысы қатты өңір. Сондықтан тұрғындар жол тазалау техникалары мен қосымша бөлімше құруды сұрап отыр. Тіпті, 50-60 шақырымды құрайтын қалың қардан құтқарар бөгет салып берсе дейді. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев аталмыш ауданға жұмыс сапарымен барып, халықпен кездесті. Ашық форматтағы жиында елді мекендердің инфрақұрылымынан бастап, әлеуметтік және ауыл шаруашылығы саласына дейінгі мәселелер көтерілді.