Аймақта тұрғын үй құрылысының қарқыны жыл сайын артып келеді. Өткен жылы облыста 759 мың шаршы метр көпқабатты үй пайдалануға берілген. Бұл көрсеткіш биыл одан да асады. Соның айқын дәлелі, Жуалыдағы бүгінгі қоныс тойы. Жаңа қоныс иелерін құттықтау үшін облыс әкімі ауданға арнайы ат басын бұрды.