Соңғы жылдары Талас ауданының орталығы Қаратау қаласында әлеуметтік сала, тұрғын үй, жалпы инфрақұрылымды дамыту бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынды. Мемлекет тарапынан шағын қалаларға деген қолдау артқаннан кейін бір кездері қиын жағдайды бастан кешірген қаланың қайтадан тамырына қан жүгіре бастады.