Тараз қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын жарықтандыру жұмыстары биыл қыркүйек айына дейін жалғасады. Қала билігі бекіткен үш жылдық жоспарға сәйкес, осы жылдың өзінде жүздеген аулаға түнгі шамдар орнатылған. Жаңа шамдар — энергия үнемдейтін, заманауи LED технологиясымен жабдықталған.