Қос жанарынан айырылып, көру қабілеті шектелген жандарға кітап оқып, өзін дамытуға шектеу жоқ. Өмірге құштар азаматтар рельефтік-графикалық оқуды меңгеріп, аудио кітаптарды тыңдап, брайль қаріпінде оқи алады. Бұл мүмкіндіктер облыстық арнайы кітапханада жасалған. Кітапхана тек кітап қоры ғана емес, шынайы қолдау мен дамуға жол ашады.