Қордай аудандық орталық ауруханасында тазалық пен тәртіпке ерекше мән беріледі. Бұл істің артында көзге көрінбейтін, бірақ еңбегі зор кір жуу бөлімшесінің қызметкерлері тұр. Олар күн сайын аурухананың барлық бөлімінен келген төсек- жаймаларды, медициналық киімдерді қабылдап таза күйінде тапсырады. Бұл — үлкен жауапкершілік пен тиянақтылықты талап ететін жұмыс.