Облыс бойынша бүгінгі таңда 948 мың адам бұл тұрғындардың 80,8 пайызы сақтандырылған. Дегенмен 255 мыңнан аса адам жүйеден тыс қалып отыр. Енді жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік әл- ауқат деңгейі бойынша дағдарыстық және шұғыл жағдайдағы санаттарына жататын азаматтар үшін МӘМС жарналарын төлейді. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» басшылығы баяндады.