Жамбылдық шаруалар көктемгі дала жұмыстарын толығымен аяқтады. Жерге өнім себілді, енді соның жемісін жейтін кез келді. Егіс алқабында 659,9 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Бұл ретте ағымдағы жылы алқаптарды әртараптандыру аясында рентабелді дақылдарға көңіл бөлініп, көкөніс, бақша және майлы дақылдарын арттыру жұмыстары жүргізілді.