Аймақта ауыл инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар биыл да жалғасын тапты. Мәселен: Жамбыл ауданында 13 ауылдық округтегі 31 елді мекенде жалпы ұзындығы 301,6 шақырымды құрайтын 375 көше мен бұрылыстар бар. Олардың басым көпшілігін асфальттау жұмыстары жүргізіліп, бүгінде халық игілін көріп отыр.