Қазақ қоғамында еңбек адамына деген құрмет жоғары. Оның үстіне биылғы жылдың жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялануының өзі адал еңбек иелеріне деген үлкен қолдау.
Сондай жандардың бірі — Меркі ауданы Жаңатоған ауылының тұрғыны Ғалымжан Омаралиев. Ол — үй сыртын әрлеуге арналған жылупанельін жасаумен айналысатын шебер.