Өңірде екі жылдан бері сәтті жүзеге асып келе жатқан «Әжемнің ертегілеріне саяхат» жобасы — халықтық тәрбиенің алтын арқауына айналды. Баланың санасына ұлттық дүниетанымды ертегі арқылы сіңіріп жүрген ақ жаулықты әжелер бүгін арнайы марапатталды. Жобаға белсене қатысқан 30-ға жуық әжеге алғыс білдіріліп, құрмет көрсетілді.