Мемлекеттен қаржы алып, сұранысқа ие өнім өндірді. Меркі ауданы Тәтті ауылының тұрғыны Бекмұрат Мамытов «Ауыл аманаты» жобасымен несие алып, шағын кәсібін ашқан. Енді ауыл азаматы ауласында өндіретін өнім ауданда ерекше сұранысқа ие болып отыр.