Ел экономикасының іргетасы – қарапайым еңбек адамы. Қолмен іс бітіріп, маңдай терімен нәпақа тауып жүрген жандар — ел дамуына үлес қосуда. Солардың бірі – Ойтал ауылының тұрғыны Марат Жетпісбаев. Шағын ғана шаруасының шырайын кіргізіп отырған ауыл тұрғыны алдағы уақытта жаңа жұмыс орындарын да ашуға ниетті.