Соңғы кезде велосипедке көшкен қалалықтардың қатары артқан. Экологиялық жағынан таза, әрі дене шынықтыруға да таптырмас құрал. Әйтсе де, жолдағы қауіпсіздік жағына келгенде қауқарсызбыз. Біздің өңірде веложол жоқтың қасы. «Тараз -Арена» спорт кешені жанындағы велосипед жолы халқы жарты миллионға жеткен шаһар үшін жеткіліксіз-ақ. Ал орталық көшелерде тұрғындар қалың көлік нөпірімен қатарласып айдауға мәжбүр.