Тараз- Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең көне қалалардың бірі. Оның ежелгі сәулеті мен келбетін қалпына келтіру бағытында жұмыстар жалғасып келеді.
Соның бір нәтижесі ретінде, Тектұрмас этномәдени тарихи кешенінде «Көне қамал» бекінісі ашылды. Осылайша, ежелгі ескерткіштер мен заманауи құрылымдар үйлесім тауып туристер үшін тамаша демалыс аймағы болады деген сенім бар.