ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі 25 жылдық мерейтойын атап өтті. Мерекелік шаралар еліміздің облыстық маңызы бар қалаларындағы 13 филиалда өткізілді. Тараз қаласындағы филиалда да мерейтойға арналған салтанатты жиын ұйымдастырылып, оған ардагерлер, оқытушылар мен курсанттар қатысты.