Елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалардың аясында ауыл әкімдерін тікелей халықтың өзі сайлау үрдісі жалғасуда. Өткен жексенбіде Меркі ауданына қарасты Ақарал ауылдық округінде кезекті ауыл әкімін сайлау өтті. Тұрғындар таңғы жетіден бастап тікелей дауыс беру арқылы өз таңдауларын жасады.