Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімі «Отан қорғаушылар күні» мен «Ұлы Жеңістің» 80 жылдығына орай салтанатты іс-шара ұйымдастырды. Атаулы мерекелер — Отанға адал қызмет етіп, бейбіт өмір мен тыныштықты қорғау жолында аянбай еңбек еткен азаматтардың еңбегін бағалап, өткенді еске алып, өскелең ұрпаққа өнеге көрсететін маңызды бастама.