Елімізге білікті заңгерлер жетіспейді. Саны бар, сапасы жоқ. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев сала мамандарын осылай сынға алды. Бүгін Сенатта «заң білімін дамыту» тақырыбына арналған Парламенттік тыңдау өтті. Депутаттар мен сарапшылар мүдделі тараптармен бірге сот және құқық қорғау жүйелерінің кадрлық әлеуетін нығайту, заң шығару қызметінің сапасын арттыру мәселелерін талқылады. Ұсыныс-пікірлерін айтты. Мәулен Әшімбаевтың пайымынша, бұл ретте процестерді цифрландыруға және жасанды интеллект технологияларын қолдануға баса мән берген жөн.